Адами капиталдың өсуі ұзақмерзімдік дамудың басымдығы болып табылады - Елбасы Жолдауы

АСТАНА. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - Елбасы Жолдауында атап көрсетілген басымдықты бағыттардың бірі Қазақстандағы адами капиталының сапалық өсуі болып табылады, деп хабарлайды pm.kz сайты.

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында, білім беру еліміздің ұзақмерзімдік дамуының басымдықты бағыттарының бірі  ретінде анықталып отыр.

Назарбаев Университеті мен Зияткерлік мектептердің тәжірибелері бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұны жаңартылады. Кәсіптік-техникалық білім берудің озық мекемелерінің желісі дамып келеді.Базалық педагогикалық білім берудің жаға бағдарламалары енгізіледі, колледждер мен ЖОО түлектерінің біліктіліктерін бекіту жүйесі жасақталады.

«Білім беру жүйесі жастарға тек білім беріп қоймай, оларға алған білімдерін әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуді үйретуі керек. Үкіметке мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту жөнінен бесжылдық Ұлттық іс-қимылдар жоспарын қабылдауды тапсырамын», деді Елбасы өз сөзінде.

Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жөніндегі міндет қойды.

«Елде озық емдеу-диагностикалық кешендер, медицинаның негізгі бағыттары, оның ішінде ең жаңа бағыттар бойынша ондаған орталықтар құрылды, көліктік медицина дамытылуда. Бізде медициналық пойыздар, автокөлік, медициналық авиация пайдаланылады.

Астанадағы Болашақ госпиталі қазақстандық денсаулық сақтауды жаңғыртудың локомотивіне айналмақ. Ендігі жерде онкологиядан болатын ауру мен өлім-жітімді төмендету мәселесі бірінші кезекке шықпақ»,- деп мәлім етті Нұрсұлтан Назарбаев.

Осыған орай, Үкіметке Онкологиялық жәрдемді дамыту бағдарламасын әзірлеу және Ұлттық медициналық холдинг арқауында Астанада қуатты Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құру мәсе-лесін қарастыру туралы тапсырма берілді.

Естеріңізге сала кетейік, 27 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің 2012 жылғы даму басымдықтары анықталған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады.