Зерттеушілердің нақтылауынша, қол қысу күшінің көмегімен адамның биологиялық жасын ғана анықтауға болмайды. Сонымен бірге оның дамуындағы өзгерістермен байланысты болашақта дәрменсіз күйге түсуін, ақыл-парасаттың кемдігін немесе адам өлімін де болжауға болады. Дәрігерлер болашақта адамның қол қысу күшін өлшеп қана биологиялық жасы көрсеткіштерін және жоғарыда аталған өзгерістерді анықтауға мүмкіншілік туындайтындығына сенімді.
02:50, 11 Мамыр 2014
Адамның биологиялық жасын қолының қарымынан-ақ анықтауға болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дәрігерлер мен демографтар адамның биологиялық жасын анықтау әдісіне қатысты ортақ пікірге келіп отыр. Олардың пайымынша, адам жасын анықтау үшін қол қысу күшін өлшесе жеткілікті, деп хабарлады шетелдік БАҚ.