Зерттеуге қатысқандардың 47%-ында ауытқушылық байқалған. Жеткіншектер жиі мұз, крахмал, ұнтақ, сабын, қағаз, пенопласт пен ас содасын жеуді қалаған.
Қалыптан тыс дәмге құмарлық адам ағзасының құрамында темір тапшылығынан болады екен. Жүкті жас бойжеткендердің гемоглобині жиі нормадан төмен болады. Ағзада темірдің аз болуынан жас қыздар мерзімінен бұрын босанып, балаларының салмағы жеңіл болады. Бұл нәрестелер арасындағы өлім қаупін ұлғайтады, деп жазады Meddaily.