Әлем елдеріндегі темекі шегушілердің саны туралы статистикалық мәліметтерді зерттеп шыққан Citygroup мамандары осындай түйінге келіп отыр, деп хабарлайды Utro.ru сайты.
Зерттеу мәліметтеріне сүйенсек, соңғы онжылдықта темекі шегушілердің саны әлем бойынша 9,4 пайызға төмендеген. Атап айтқанда, 1960 жылы Ұлыбритания халқының барлығы дерлік никотинге тәуелді болған, бірақ содан бері темекі шегушілердің саны тез азайып келеді, 2008 жылғы көрсеткіш бойынша, жалпы британдықтардың 20 пайызға жуығы ғана түтіндетеді екен. Бельгия, Финляндия, Норвегия және АҚШ елдеріндегі темекі шегушілердің пайызы да осы шамалас.