Адамзат бес жылдан кейін құрып кетуі мүмкін

None
АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Ғалымдар бес жылдан кейін адамзаттың құрып кетуінің себебіне айналатын жаңа вирусті тапқаны жайлы дабыл қағуда, деп хабарлады «Участие.сом» сайты.

Бұрын ғылымға белгісіз болып келген жаңа вирусқа «Армагеддон» деген атау берілді. Ол жануарлар мен жәндіктерден адамға тарайды және адамзатты құртып жіберу қаупін туғызады. Вирустің алғашқы құрбаны Лондон ауруханаларының бірінде анықталды. 38 жастағы ер адам белгісіз аурудан көз жұмды. Британдық бұл адам Ауғанстанға барған кезінде індетті жұқтыруы мүмкін, онда мұндай індет үй жануарлары мен тағы жануарлардың арасында кеңінен тараған көрінеді. Ғалымдар жаңа вирус қалыптан тыс өкпе қабынуына ұқсас екенін анықтады, бірақ та құрамы өзгеше.

Мамандардың пікірінше, вирус тұмаудың жаңа штаммы болып, бүкіл әлемге таралмақ.