Ең үлкен Starship зымыраны — Starship V3 деп аталатын жаңа буын үлкейтілген прототиптерінің біріншісі 23 мамыр, сенбі күні түнде салыстырмалы түрде сәтті сынақ ұшырылымын өткізді. Оның Техастағы Илон Маск иелігіндегі SpaceX компаниясының ұшыру алаңынан ұшырылуы X әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілді.
Starship V3 зымыран жүйесі сол кезде алты қозғалтқышының бірінсіз жұмыс істегеніне қарамастан тік күйге келтіріліп, ғарышта шамамен бір сағат өткізіп, содан кейін Үнді мұхитына қона алды. Бұған дейін ғарыш аппараты Super Heavy үдеткішінен ажырағаннан кейін ғарышта инерция бойынша қозғалған еді.
Бұл Starship бағдарламасы аясында 2025 жылдың қазан айынан бері алғашқы сынақ ұшырылымы болды. Осындай зымыран жүйесі алғаш рет 2023 жылдың сәуірінде сыналды — сол кезде бірнеше минуттан соң толығымен жарылды.
Осыған дейін Техастағы Starbase ғарыш айлағынан бейсенбі, 21 мамырда өтуі тиіс болған ұшырылымға дейінгі 90-минуттық кері санақ бірнеше рет тоқтатылғанын жаздық.