Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми сот жүйесінің ардагерлері мен қызметкерлерін келе жатқан мерекелерімен құттықтады,
Өзінің құттықтау сөзінде Қайрат Мәми «1945 жылдың 9 мамырындағы Жеңіс - Отанға деген қалтқысыз құрметтің, қаһармандық пен ерліктің нышаны. Адамзат тарихында фашистік Германияны жеңуден асқан ұлы Жеңіс болған емес. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап қазақстандық сарбаздар майдан даласында батырлық пен ұлтжандылықтың нағыз үлгісін көрсете білді.
7 мамыр - тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштері құрылған күн. Мемлекет басшысының ұдайы көңіл бөлуінің арқасында біздің тәуелсіздігіміз бен тыныштығымызды қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған бола алатын ұлттық армиямыз қалыптасты», - деп атап өтті.
ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы сот жүйесінің ардагері, ҰОС тыл еңбеккері Есмағанбетов Рамазан Есмағанбетұлына салтанатты түрде естелік сыйлығын тапсырды.
Іс-шарада Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кеңес Жексенбекұлы Жалмұхамбетов, Жоғарғы Сот судьялары мен ҚР Судьялар одағының өкілдері құттықтау сөз сөйледі. Салтанатты жиын мерекелік концертпен аяқталды, деп хабарлайды ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі.