Адамзат Жердің жаңартылатын ресурстарының жыл сайынғы нормасын тауысты

Фото: None
ОСЛО. ҚазАқпарат – 2019 жылғы 29 шілдеде адамзат жаңарып отыратын табиғи ресурстардың шартты қорын тауысты. Олар бір жыл ішінде қайта қалпына келгенмен, осы күннен бастап «экологиялық несиеге» өмір сүретін болады. Мұндай мағлұматты «Экологиялық іздің жаһандық желісі» ұйымының Халықаралық тәуелсіз аналитикалық орталығы ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өзіндік «экоқарыздың» күнделікті орташакөрсеткішін анықтау үшін GFN зерттеушілері биоресурстардың тұтыну мөлшерін экожүйеніқайта қалпына келтіру қасиетіне сәйкестендіріп анықтайды.

«Табиғи ресурстардан қажеттілігін қамтамасызету үшін адамзатқа Жер планетасының 1,75 бөлігі қажет», - дейді экологтар.

Әртүрлі елдердежаңғырмалы ресурстарды тұтынудың әр адамға шаққандағы мөлшері бір-біріненәжептәуір ерекшеленеді. Мысалы, барлық халықтар ресурстарды Германия тұрғындарысияқты тұтынатын болса, адамзатқа 3 Жер планетасы қажет болар еді, ал егер АҚШсияқты тұтынса, 5-еу қажет. Ресурстардыұтымсыз пайдалану әсіресе Катар елінде байқалады. Бұл ел ресурстарды«эконесиеге» 11 ақпанда-ақ пайдалана бастаған. Ал Индонезия ресурстарды ұтымдытұтынатын ел болып шықты. Ол үшін «эконесие күні» шамамен жылдың соңында, яғни 11желтоқсанда басталады. Алайда бұл ел де экожүйе өздігімен қалпына келтіреалатын мөлшерден көп тұтынады.

WWF пікірінше, Жер табиғатынан өте жылдамайырылуда. Мысалы, 1970 жылдан бастап 60% жабайы аңдар жойылған. БҰҰболжамына сәйкес, жануарлардың, өсімдіктер мен жәндіктердің миллионға жуықтүріне жойылу қаупі төніп тұр. Мұнын барлығы – өте күрделі мәселе болыптабылады, себебі табиғат және ондағының барлығы планета тұрғындарын өмірге аса қажетті таза ауыз сумен, ауамен,тамақпен, материалдар мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп отыр.

Ильяс Омаров

Соңғы жаңалықтар