Адамзатты асырау үшін азық-түлік өндіруді 70 пайызға ұлғайту қажет етіледі

АСТАНА. Қазанның 12-сі ҚазАқпарат - Алдағы қырық жылда саны 9,1 млрд адамға (өсімі 2,3 млрд) жететін Жердің қарқынды өсіп келе жатқан халқын асырау үшін азық-түлік өндіруді 70 пайызға ұлғайту қажет етіледі,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бүгін БҰҰ Ауыл шаруашылығы және азық-түлік ұйымының бас директоры Жак Диуф Ауыл шаруашылығы және азық-түлік ұйымының Римдегі штаб-пәтерінде шақырылған «2050 жылы әлем халқын қалайша асырауға болады» деген тақырыпта өткен сарапшылардың екі күндік халықаралық кеңесінің ашылуында сөйлеген сөзінде осындай ескерту жасады.