Түсірілімде ұшақтың үлкен жолға қонған сәті көрсетіледі. Одан кейін ұшқыш жол жиегіне тоқтаған жүргізушіден алған бағыттан адасып қалғанын, әрі Ақтөбе қай жақта екенін сұрапты. Бейне түсірілімді түсірген жүргізушілер өзара әңгімелесіп, ұшқыштың қалайша адасып қалғанын, мүмкін ұшақты курсанттар жүргізуде ме деп таңырқаған.
Түсірілімді көрген әлеуметтік желі қолданушылары адасқан ұшқыштың іс-әрекетіне қатысты түрлі пікірлер жазыпты. Олар «техника дамыған заманда ұшақ қалайша адасып қалады» десе, біреулер «GPS желісін неге қолданбасқа» деп сын айтқан. Бір сағаттың ішінде бейнетүсірілімді көргендердің саны 12 мыңнан асты.