«Адай» кәсіби бокстағы үшінші айқасын нокаутпен аяқтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы «Адай»  лақап аты бар Уәлихан Бейсенқұлов (3-0, 3КО) Мәскеуде (Ресей) кәсіби бокстағы өзінің үшінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды sports.kz «Профи Бокс Казахстана» ВКонтакте тобына  сілтеме жасап.

«Локомотив» бокс академиясының рингінде біздің отандасымыз камерундық Кристиан Вуапимен айқасты.

Алты раундқа есептелген жекпе-жек төртінші раундта аяқталды.  Бейсенқұлов нокаутпен жеңді.