АДБ Қазақстанға миллиард доллар көлемінде несие бөлуді мақұлдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Азия даму банкі Қазақстанға 1 миллиард доллар көлемінде несие бөлуді мақұлдады, деп хабарлады РИА Новости.

Бейсенбі күні Қазақстан теңге бағамының еркін ағымына негізделген жаңа ақша-несиелік саясатты жүзеге асыруға кірісті. Осыған байланысты қазақстандық ұлттық валютаның биржалық бағамы бір долларға шаққанда 255,26 теңгеге дейін құлады. Осылайша ол бір тәулікте 26% түсті.

Банк бұл несие әлемдегі мұнайдың бағасының төмендеуі салдарын едәуір жұмсартуға көмектесетінін атап өтті.