Алексиевич «У войны не женское лицо», «Цинковые мальчики», «Чернобыльская молитва» және т.б. көптеген шығармалардың авторы. 2000 жылдардың басында Алексиевич Беларусьтен көшіп кеткен, қазір Батыс Еуропада тұрады.
Сыйлық иегерін жариялау қарсаңында William Hill букмекерлік кеңсесі Алексиевичтің Нобель сыйлығына қол жеткізу мүмкіндігін жоғары бағалаған. Бұл ретте, кеңсенің пікірінше, одан тек жапондық автор Харуки Муракамидің мүмкіндігі жоғары болды.