Әдебиет пен өнер саласының үздіктері Президенттің қолынан Мемлекеттік сыйлықтарды алды

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әдебиет пен өнер саласындағы 2012 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтарын тапсырды.

Атап айтқанда, Мемлекеттік сыйлыққа жазушы Сәбит Досанов - «Жиырмасыншы ғасыр» роман-эпопеясы үшін; ақын Несіпбек Айтұлы - «Арқатірек» поэмалар жинағы үшін; әнші Әлібек Дінішев - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған концерттік бағдарламасы үшін; скрипкашы Гауһар Мырзабекова - «А.Вивальди-А.Пьяцолла «8 сезонов», «Intrabaroque» концерттік бағ­дар­ламалары үшін ие болды.