«Әдебиет пішіннен емес, мазмұннан тұрады. Бұрын үлкен тарихи даталарға тақырыптық жоспар жасалатын. Биыл Абылай ханның туғанынына 300 жыл толды. Осыған орай баспаларда қандай кітап шығады деген сауалға ешкім жауап бере алмайды», - дейді жазушы. Оның айтуынша, бұл тарихи оқиғалар мен ұлт қайраткерлерінің есімін ұлықтауға жаңа мүмкіндік береді. Ақпарат құралдарында үнемі жазылып, айтылып жатқан соң оқырман бұл туралы кеңірек білгісі келсе арнайы кітаптарды іздеп өз білімін жетілдіруге ұмтылады. Пейілі, ықыласы ауады. Қазір бізде Абылай деген хан болмағандай және ондай адам өмірде мүлде тумағандай жағдайдамыз. Ешкім, ешнәрседен хабарсыз. Әдебиетті байытатын осындай үлкен даталар мен оның мазмұны. Онсыз ешнәрсе де жасалмайды, ешнәрсе де ілгері жылжымайды. Таптаурын тақырыптан алысқа ұзап шыға алмай, тұсаулы аттай жүрісіміз кібіртіктей беретін болады.
16:36, 03 Тамыз 2011
Әдебиет пішіннен емес, мазмұннан тұрады - Қабдеш Жұмаділ
АЛМАТЫ. 3 тамыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Қазір әдебиеттің пішіндік жағы басымдау болып, мазмұны жеңілдеп бара жатыр", - деді Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қабдеш Жұмаділ бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында.