«Әдебиет порталы» «Менің анам мен әкем» үздік әдеби эссе байқауын жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Әдебиет порталы» «Менің анам мен әкем» үздік әдеби эссе байқауын жариялады, деп хабарлайды портал ұйымдастырушылары.

Осы уақытқа дейін «Әдебиет порталында» «Менің анам... Менің әкем...» арнайы жобасында танымал тұлғалардың, интернетте белсенді танымал журналистердің ата-анасы жайлы жазылған эсселері жарияланып келді. Осы арнайы жобаның аясында ұйымдастырылып отырған әдеби байқауға кез келген жеке тұлға (жасына, кәсібіне, ұлтына, мамандығына қарамастан) қатыса алады. Байқаудың мақсаты - автордың шығармашылық ойлау дағдысын жетілдіру, көркем әдебиетке баулу, әрбір адам ата-анасын құрметтеп, үнемі хабарласып, хал-жайын біліп-тұруға үндеу. Кейбір жандардың өмірден өткен аяулы аналары мен асқар тау әкелеріне деген мәңгілік сағынышының жазбаларын оқырмандар назарына ұсыну. «Менің анам мен әкем» тақырыбында жазылған үздік эсселерді интернетте кеңінен насихаттау, делінген хабарламада.

Әдеби байқаудың ережесімен толығырақ мына сілтеме арқылы таныса аласыздар! https://adebiportal.kz/men-anam-men-kem-zd-k-debi-esse-bay-auy.page/