Әдебиеттен Нобель сыйлығының иегері Габриэль Гарсиа Маркес көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының иегері Габриэль Гарсиа Маркес 87 жасында Мексикада көз жұмды, деп хабарлайды РИА НОВОСТИ.

Габриэль Гарсиа Маркес 1927 жылы Колумбияның Аракатака қаласында дүниеге келген. Колумбиялық проза жазушысы, журналист, саяси қайраткер. 1982 жылы әдебиет бойынша Нобель сыйлығының иегері атанған. Маркес колумбиялықтардың арасында алғашқы болып аталған сыйлыққа ие болған. 1989 жылы дәрігерлер оның өкпесінен қатерлі ісік тапқан. Күніне үш қорап темекі шеккен жазушының дертін осы әдетімен байланыстырған еді.