Әдеп кеңесі басқарма басшысын жұмысынан босатуды ұсынды - Қостанай облысы

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Әдеп кеңесі облыс әкімдігінің жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасының басшысына қатысты тәртіптік істі қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық Департаментіне сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құқық бұзушылықтар жасады деген күдік бойынша қылмыстық істі тергеуде. Сонымен қатар, шенеуніктің іс-әрекетінде Мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық белгілері байқалды»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

Осылайша, Әдеп кеңесі іс-әрекетті бағамдап, сыбайлас жемқорлыққа қатысты мән-жайды ескере отырып, басқарма басшысын жұмысынан босатуды ұсынды. Мемлекеттік қызметкер қылмыстық жауапкершіліктен бөлек, тәртіптік жазаға да тартылады.