Әди Шәріповтың әдебиет пен ғылым-білімнің өркендеуіне қосқан үлесі орасан - Б. Шаханов

АЛМАТЫ. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - Әди Шәріпов қазақ руханиятының  өз дәуіріндегі үлкен тұлғасы болды. Бұл бүгін Алматыда партизан-жазушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері  Әди Шәріповтің туғанына 100 жыл толуына арналған салтанатты кеште айтты.

«Бұл кісі ұзақ жылдар Оқу министрлігін басқарып, ауылдағы мектептерді өркендетуге, ауылдағы білімді көркейтуге көп үлес қосты. Қазақ КСР Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары болғанда да руханият саласына көп қамқорлық жасады. Содан кейін 7-8 жыл Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы болып істеді. Сол кезде Әбекең Жазушылар одағының материалдық базасының өркендеуіне, көркеюіне, жазушылардың жағдайын жасауға көп көмек көрсетті», - дейді Қазақстан жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары Берік Шаханұлы.

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы лауреатының айтуынша, Ә. Шәріповтің кезінде үйсіз жүрген жазушылардың көбі үй алды. Жазушылар одағы материалдық тұрғыдан нығайып, бекіді. Кітап саудасы, газет-журнал мен кітаптардың  таралымы өсіп, жаңа қарқын алды. Майдангер партизан, жазушы, қайраткер Әди Шәріпов қазақ әдебиеті мен білім-ғылымының дамуына  орасан зор үлес қосып, оның өсіп-өркендеуіне тың серпін беруге үлкен ықпал етті.