Adidas Белла Хадид бейнеленген жарнаманы алып тастап, көпшіліктен кешірім сұрады

Фото: instagram @bellahadid

АСТАНА. KAZINFORM— Adidas жұма күні Мюнхендегі 1972 жылғы Олимпиада ойындарының дизайнымен жасалған кроссовкалардың жарнамалық науқанын қайта қарайтынын мәлімдеді. Ондағы әйгілі модель Белла Хадидтің бейнесі Израиль тарапынан үлкен сынға ұшырады, деп жазады Euronews.

Неміс спорттық киім компаниясы SL72 кроссовкаларын «мәңгілік классика» деп атап, жарнамалады.

Бейсенбі күні Израильдің Х әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунты Хадидке қарсы шығып, «Мюнхендегі Олимпиада кезінде палестиналық террористер он бір израильдікті өлтіргенін» еске салды.

Әкесі палестиналық Хадид осы жылдар ішінде Израиль үкіметін сынап, еврей мемлекетіне дұшпандық танытып, палестиналықтарды қолдайтын көптеген мәлімдемелер жасады.

7 қазандағы шабуылдан кейін және Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыс басталғаннан бері ол Instagram-да жазықсыз адамдардың қаза болғанына өкініш білдіретін мәлімдеме жариялады және ізбасарларын Газа тұрғындарын қорғау үшін өз басшыларына қысым көрсетуге шақырды.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, Хадид Adidas компаниясын сотқа беруге шешім қабылдады. Бірқатар ақпарат құралдары компанияны израильшіл лоббидің жетегінде жүр деп айыптайды. Хадидтің жақтастары өнімдерге бойкот жариялауға шақырды.

Компания өкілдері кешірім сұрап, «науқанның қалған бөлігін дереу қайта қарайтындарын» айтты.