Би-Би-Си агенттігінің хабарлауынша, 11 жылға есептелген келісімшарт мерзімі 2019 жылы бітуі тиіс, алайда Adidas оны үш жыл ерте аяқтауға шешім қабылдады.
Мәміленің құны кемінде 33 млн доллар, оны бұзу IAAF-ты қомақты шығынға әкеліп соқтырады.
Бұл оқиға бойынша Adidas мен IAAF-тан ресми түсініктеме берілген жоқ.
Adidas Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының ірі демеушісі болған. Келісімшарттың мерзімінен бұрын бұзылуына ресейлік жеңіл атлетика федерациясына қатысты допинг дауы себепші болған. Агенттіктің ақпарат беруші көзі солай деп атап өткен.
Сондай-ақ, Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік (WADA) қаңтар айында IAAF-тың бұрынғы басшысы Ламин Диактің кезіндегі жемқорлық туралы есебін жариялаған еді.