Кейбір мәліметтерге сүйенсек, неміс өндірушісі Rockport белгісін болашақ сатып алушыларына ұсыну үшін «Guggenheim Partners» инвестициялық банкінің қызметін пайдаланған.
Аталмыш брендтің бағасы $300 млн. немесе одан да жоғары болуы мүмкін, деп күтілуде.
Айта кетейік, Rockport сауда белгісі ерлер мен әйелдер аяқ киімін шығаратын өндіріс ретінде танымал. Оның өнімдері әлемнің көптеген елдерінде сатылады. Бұл брендтің негізі 1971 жылы қаланған. «Adidas» Rockport-ты 2005 жылы Reebok International Ltd белгісін 4 млрд. долларға сатып алғаннан кейін барып иеленген болатын.
Әзірге Rockport-тың сатылу процесі енді басталып жатыр. Болашақ серіктестер ретінде жекеменшік инвестициялық компаниялар мен аяқ киім өндірушілері зор құлшыныстарын білдіруде.