Атап айтқанда, командалық эстафетада «Адидас» компаниясының командасы жеңіске жетіп, мәреге бірінші болып осы команданың өкілі Руслан Аглов жетті. Эстафетаға әр командадан төрт адамнан қатысты.
Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бірінші келген спортшыны құттықтап, оған медаль тапсырды.
Бүгінгі шараға Үкімет мүшелері, бірқатар отандық және халықаралық компаниялардың өкілдері, ел тұрғындары, Қазақстанда тіркелген елшіліктердің қызметкерлері, сондай-ақ алыс және жақын 25 шетелдің атлеттері қатысуда. Атап айтқанда, қазіргі кезде АҚШ, Бразилия, Германия, Ұлыбритания, Малайзия, Австралия, Бельгия, Иран, Ресей, Түркия, Грекия, Жапония, Қытай, Франция, Польша және басқа да елдердің азаматтары бар.