«Әділ сөз» қоры қамауға алынған журналист Мизаил Козачковқа көмектесуге дайын

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры журналист Михаил Козачковтың ұсталуы жөнінде пікір білдірді және тілшіге қолдау көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз процедуралық нормалардың сақталмауына, қорғаушы Анна Веретельниканың тінту жұмыстары адвокаттың қатысуынсыз өтіп жатқаны туралы хабарламаларына алаңдап отырмыз. Қаржы мониторингі агенттігі баспасөз релизі мәтіні кінәсіздік презумпциясын және ҚР Конституциясының 77-бабын бұзғанына назар аударғымыз келеді: «Адамның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанша қылмыс жасағаны үшін кінәлі емес деп саналады», - деп жазылған қор сайтында.

«Әділ сөз» қоры Михаил Козачковтың кәсіби журналист, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі екенін, 20 жылдан астам тәжірибесі бар екенін атап өтті.

«Әділ сөз» Михаил Козачковқа көмек көрсетуге дайын және Қазақстандағы зерттеу журналистикасына қысымның күшеюіне алаңдайды, бұл Президент Тоқаев жариялаған саяси реформаларға түбегейлі қайшы келеді», - дейді сөз бостандығын қорғау қоры.


Фото: adilsoz.kz