Бүгін 200 метргебаттерфляй әдісімен жүзуден іріктеу кезеңдері өтті. Қазақстандық ӘділбекМусин 01.58.58 уақыт көрсеткішімен өз тобында екінші орын алды. Ал жалпыіріктеу кезеңінде 25-ші сатыға тұрақтап, финалға өте алған жоқ. Десе де,Мусин осы нәтижесі арқылы Қазақстан рекордын жаңартты. Бұрынғы рекорд даМусинге тиесілі болатын. Ол АҚШ-та өткен жарыста 200 метрге баттерфляй әдісіменжүзуден 1.59.48 нәтижесін тіркеді.
Айта кетелік,бұл Әділбектің әлемдік сындағы екінші рекорды. Ол 50 метрге баттерфляй әдісіменжүзуден де ел рекордына түзету енгізді.