Әділбек Мусин жүзуден Испаниядағы чемпионатта күміс жүлде алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның суда жүзуден ашық чемпионатының бірінші күні Қазақстан құрамасы үшін сәтті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Малагада өткен халықаралық дәрежедегі турнирдің бірінші күнінде қазақстандық суда жүзуші Әділбек Мусин 50 м қашықтыққа батерфляй әдісімен жүзуден күміс медаль жеңіп алды. Оның нәтижесі - 0:24.00.

Аталмыш турнир қазақстандықтар үшін Индонезияда өтетін жазғы Азия ойындарына дайындық іспеттес.