Әділбек Ниязымбетов Әлем чемпионатында құрама қоржынына күміс медаль салды

АЛМАТЫ. 26 қазан. ҚазАқпарат - Бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатында Әділбек Ниязымбетов (81 кг) кубалық Хулио Перезаға есе жеберді.

Маңғыстаулық былғары қолғап шебері былтыр Олимпиада ойындарында, 2011 жыл Әлем чемпионатында алған күмісін алтынға ауыстыруға мүмкіндік ала алмады. Кубалықтардың ақтық сында бақ сынаған төртінші боксшысы өз құрамасына екінші алтын медальді сыйлап, өз командасын екінші орынға шығарды.

Қазір турнир кестесінде 4 алтын, 1 күміс 2 қола медальмен Қазақстан боксшылары командалық есепте бірінші орында келе жатыр. Ал 2 алтын, 2 күміс,1 қоламен Куба боксшылары екініш орынға шықты. Үздік үштікті 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен ресейліктер түйіндеуде.