Әділбек Ниязымбетовтің Олимпиададағы финалдық сайысын бүкіл Ақтау тамашалап қарады

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Әділбек Ниязымбетовтің Олимпиададағы финалдық сайысын бүкіл Ақтау тамашалап қарады.

Біздің бәріміз де: таныстары, туыстары, спорт фанаттары, жаттықтырушылар және Ақтау жастары - Әділбекке жанкүйер болдық. Сайысты көруге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тарас Хитуов, Маңғыстау облысының әкімі Әлик Айдарбаев, оның орынбасары Бану Нұрғазиева, Әділбектің әкесі - Сәбит Ниязымбетов және басқалар келді. Оның алғашқы ұрысын қарауға - сейсенбі күні түнде біз «Қазақтелеком» АҚ-ға жиналдық, ал кешегі кубалық Хулио Сезар Ла Круспен екінші жекпе-жегін Ақтау қаласының 7-шағынауданында жағалаудағы баскетбол алаңында көрдік. Біз ол үшін қуаныштымыз!», - деді бокстан 2005 жылғы әлем чемпионы Ердос Жаңабергенов.

«Менің барлық сезімім, күйзелісім және Әділбекке кеңес беру тілегім, жіберіп алған соққылары үшін өкініш - бәрі де менің бетімнен байқалып тұрды», - деді ол.

Ердос Жаңабергенов алғаш рет 2004 жылы Қазақстан чемпионы болды. 2005 жылғы 81 келіге дейінгі салмақтағы әлем чемпионы. 2006 жылы студенттер арасындағы әлем чемпионы болды. 2011 жылы әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатында 1 орынға ие болды.

Еске сала кетейік, Ақтау қаласынан шыққан боксшы 81 келіге дейінгі салмақ санатындағы Әділбек  Рио-де-Жанейродағы Олимпиада-2016 күміс жүлдегері атанды.