«ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбеков бастаған қазақстандық делегация Сан-Паулу қаласындағы «Арена Коринтианс» стадионында өтетін Бразилия мен Хорватия арасындағы 2014 жылғы әлем чемпионатының алғашқы ойынын тамашалауға шақырту алды», - делінген таратылған мәліметте.
Сонымен қатар, делегация құрамында Қазақстан футбол федерациясының бірінші вице-президенті Аллен Шайжүнісов пен вице-президент Олжас Абраев та бар.
ҚФФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық делегация Бразилияға әлем чемпионаты басталмастан бірнеше күн бұрын жетіп, 10 маусымда Сан-Паулуда өткен Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығының (ФИФА) 64-ші конгресіне қатысты. 11 маусымда ҚФФ басшылығы УЕФА Конфедерациясының шараларына қатысады.
Бразилия Федеративті Республикасының Астанадағы Елшілігінің консулдық бөлімінің мәліметінше, әлем чемпионаты аясында ҚР 227 азаматы туристік виза алуға өтініш білдірген.
Естеріңізге сала кетейік, Бразилияда өтетін ХХ әлем чемпионаты 13 маусымда басталады. Әлемдік біріншілікке іріктеу сындарынан сүрінбей өткен 32 мықты құрама қатысады.