Әділбек Жақсыбеков қайырымдылық марафонына қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада алғашқы BKS «Эйр Астана» қайырымдылық марафоны өтті, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайтынан.

Аталмыш шараны Қазақ-Британ қоғамы мен Эйр Астана әуекомпаниясымен бірлесе отырып, ұйымдастырылды. Жүгіруге ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков қатысты.

«Бүгін Астанада BKS «Эйр Астана» қайырымдылық марафоны өтті. Шараға қазақстандық спортшылардан бөлек, өзге мемлекеттен келген спортшылар қатысты. Аталмыш шара денсаулықтарыңыздың саулығына үлкен әсері де бар. Дендеріңіз сау болсын, спортпен шұғылданып, осындай қайырымдылық шараларға қатысып отырыңыздар», - деді Ә.Жақсыбеков.

Жарыс 4 қашықтықта екі маршрут бойынша өтті. 5 км және 10 км, 21 км 097,5 және 42 км 195 м қашықтықты құрады. Жарыс «Тұран» даңғылы бойымен «Тұлпар» көпірінен Қабанбай батыр даңғылындағы айналмалы жол айырығына дейін, Қабанбай батыр даңғылынан Қараөткел көпіріне дейін, одан әрі Қорғалжын тасжолы - Тұран даңғылы бойымен «Астаналық» саябағына дейін.