«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі іске қосылады

None
АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат -  Қазақстан Республикасының  Әділет министрлігі және  Республикалық құқықтық ақпарат орталығы Қазақстанның ұлттық заңнамасымен он-лайн режимде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, жаңа, қоғамдық маңызы зор жоба - «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесін іске қоспақшы.

Аталған министрліктің мәліметіне қарағанда,  «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі - іздестіру мүмкіндіктері мен ыңғайлы заманауи интерфейсі бар технологиялық кешен. Шапшаң және логикалық навигация әртүрлі дайындық деңгейіндегі пайдаланушылар үшін онда жұмыс істеудің қолайлылығын қамтамасыз етеді.  Пайдаланушы алуан түрлі іздестіру мүмкіндіктерін қолдана отырып, нормативтік жинақта жалпы, сонымен бірге оның жеке бөлімдерінде бағдарлана алады, сондай-ақ өздігінен тақырыптық іріктелім қалыптастыра алады.

Деректер базасында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі 116 мыңнан астам нормативтік құқықтық акті қамтылған.

Жүйе ақпараттық жинақта күн сайын жаңарта отырып, тәулік бойы жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Әзірленген  «Әділет» АҚЖ-сі азаматтардың толық, өзекті, жүйелендірілген әрі тегін құқықтық ақпаратты алуы үшін ыңғайлы  жағдайды қамтамасыз етеді.

«Әділет» АҚЖ-ны  www.minjust.kz сайты арқылы пайдалануға болады.