Әділет министрлігі 6 адвокатты лицензиясынан айырды

АСТАНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Биылғы жылдың бірінші тоқсанында әділет органдарына адвокаттық қызмет бойынша заңды және жеке тұлғалардан 47 өтініш түкен. Олардың 32-сі шағым.

Сондай-ақ аталмыш мерзімде Әділет министрлігі 6 адвокатты лицензиясынан айырды. Бұл мәліметтермен бүгін журналистермен болған брифингте Әділет министрлігінің ресми өкілі Ерболат Ерімбет таныстырды.

Оның айтуынша, лицензиясынан айырылған 2 адвокат бұрын қасақана қылмыс жасаған болып шықты. Тағы екі адвокат өздерінің қызметтерін жүзеге асыру барысында бірнеше мәрте заңнамаларды бұзған. Сондай-ақ бір адвокат Қазақстан азаматтығын жоғалтқан. Және бір азамат қылмыстық қудалауға ұшырап, кейіннен бұл іс тоқтатылған, алайда ол ақталмаған.