18:03, 15 Сәуір 2009
Әділет министрлігі халыққа қызмет көрсету орталықтарын басқара алмаса, жергілікті билік органдарына беруі керек ? Алматы әкімі
АЛМАТЫ. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Әділет министрлігі халыққа қызмет көрсету орталықтарын дұрыс басқара алмаса, жергілікті билік органдарына беруі керек. Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Елбасы өткен аптада қала активінде атап көрсеткен міндеттерді орындауға байланысты ұйымдастырылған алқалы жиында осылай айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Халыққа қызмет көрсететін орталықтарға қатысты тұрғындардан арыз-шағым көп түсуде. Жарты жылдың ішінде Әділет министрлігінің департаментінде 5 басшы ауысты. Егер басшылықта тәртіп болмаса, әрине халыққа қызмет көрсету орталықтарында да тәртіп болмайды. Осы себепті Үкімет басшысының атына арнайы хат жазуды тапсырамын. Министрлікпен бос әңгімелесуді енді қою керек», - деді Ахметжан Смағұлұлы. Қала әкімінің айтуынша, егер халыққа қызмет көрсету орталықтарын әділет министрлігі басқара алмайтын болса, жергілікті билік органдарына беруі қажет.