Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Әділет министрлігінің ресми өкілі Ерболат Ерімбет мәлім етті.
Акцияның мақсаты - құқық мәселесі бойынша азаматтарға көмек беру. Шараға әділет органдары мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері және адвокаттар мен нотариустар қатысады. Шара аясында қалың көпшілікпен 85 кездесу ұйымдастырылып, кеңес берушілер елдегі 58 түрлі кәсіпорынға барып, ондағы азаматтармен тілдеседі. «Сондай-ақ әділет саласының өкілдері 65 жоғары оқу орнында болады, еліміз бойынша 70 халыққа қызмет ету орталықтарындағы жағдаймен танысады. Акцияға қатысты өзге де мәліметтерді Әділет министрлігінің сайтынан алуға болады»,-деді ресми өкіл.