АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Әділет вице-министрі Дулат Қосдәулетов Қаржы полициясы академиясының ұжымымен кездесті. Бұл туралы аталған академияның баспасөз қызметінен хабарлады.
Қаржы полициясы академиясының «құрметті қонақ» айдары ауқымында өткен кездесу барысында вице-министр академияның оқытушы-профессорлық құрамы мен тыңдаушылары тарапынан түскен құқық қорғау саласын реформалауға, экономикалық қылмыстарға қатысты кездесетін мемлекеттік тілдегі терминдерге байланысты туындайтын кейбір жайттарға орай сауалдарға егжей-тегжейлі жауап қайтарды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.