Әділхан Ерекешев Қостанай қаласының прокуроры болып тағайындалды
12:11, 16 Қазан 2012
ҚОСТАНАЙ. 16 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокурорының бұйрығымен ағымдағы жылдың 15 қазанынан әділеттің аға кеңесшісі Әділхан Ерекешев Қостанай қаласының прокуроры қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарланды. Ә. Ерекешев жуырда облыс орталығы прокуратурасының ұжымына таныстырылды. Бұған дейін ол Лисаковск қаласының прокуроры лауазымында болды.