Өнер байқауы «Адамды іздеймін!» ұранымен өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль барлық «ержүрек, көзі ашық, шабытты» адамдарға арналған.
Естеріңізге сала кетсек, фестивальдің ұйымдастырушысы, әрі президенті белгілі танымал актер және режиссер Александр Баширов ( «Ине», «Асса»). Аталмыш фестиваль оның «ДебоширФильмСтудия» кинокомпаниясының ұйымдастыруымен 1997 жылдан бері өткізіліп келеді.
Бұған дейін «Риэлтор» фильмі Ресейдің Анапа қаласында өткен «Киношок-2011» фестиваліне қатысып, әділқазылар алқасының арнайы сыйлығына ие болды және VII Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне қатысты.