Әділхан Макин «Славян базары-2019» фестивалінде Гран-приге ие болды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Әділхан Макин «Славян базары-2019» халықаралық фестивалінде Гран-приге ие болды. Бұл туралы академия ректоры Асхат Маемиров Витебскіден мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А.Маемиров Facebook-тегі парақшасында ресми хабарлағанындай, Әділхан Макин эстрада өнері факультетінің4 курсында оқиды.

-Еліміздің көк байрағын желбіретіп, мерейімізді тасытқанөнер жеңісі құтты болсын! – дейді Асхат Маемиров.

Осыдан дәл төрт жыл бұрын «Славян базары-2015»халықаралық фестивалінде Димаш Құдайберген тұңғыш рет Гран-приді жеңіп алса,2018 жылы Ернар Садырбай бірінші жүлдеге ие болған еді.

Витебскіде Димаш Құдайберген бағындырған биік биылӘділxан Макиннің жеңісімен жаңғырды. Екі күн бойы ерекше таланты мен вокалдықмүмкіндіктері үйлесіп, кәсіби орындаушылық деңгейі мен актерлік шеберлігіжарасым тапқан Әділxан Макин - қазылар алқасы мен алты мыңнан астамкөрерменнің, оның сыртында тікелей эфирді тамашалаған миллиондаған фестивальжанкүйерлерінің таңдайын қақтырып, ыстық ықыласына бөленді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлы ақын Абайатамыздың 175 жылдығына арналған өлең оқу эстафетасы туралы көрермендерге қазақтілінде xабарлап, «Славян базары» фестивалінің үлкен саxнасындаАбайдың «Көзімнің қарасы» әнін арнайы шырқады.

Әділxан екінші турда да үміткерлердің көшін бастап,қорытындысында 178 ұпай жинап, қатарластарынан оқ бойы озып, суырылып алғашықты.

Беларусь, Ресей, Германия, Швейцария, Болгария, Мальта,Израиль, Қытай, Латвия, Украина, Польша, Литва, Грузия, Армения, Молдовасекілді мемлекеттердің айтулы эстрада әншілерінің арасынан топ жаруы еліміздегіөнер мен мәдениет саласындағы кәсіби үрдістің биік деңгейде екендігінкөрсетеді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Витебскігебарған шығармашылық делегация үш күн бойы фестиваль жұмысы мен конфернцияғабелсене араласып, Қазақстандағы өнер кеңістігінің жетістіктерімен,тәжірибелерімен ой бөлісті.

«Славян базары» xалықаралық фестивалінің ресмиөкілі Қарлығаш Әбдікәрімованың тынымсыз еңбегіне, Әділxанның вокалдан ұстазы,PhD докторы Йоанис Кайсидиге және осы өнер сапарына ерекше қолдау жасап, әр күнсайын кәсіби кеңес-тілектерімен қанаттандырып отырған ҚР Мәдениет және спортминистрі Ақтоты Райымқұловаға алғыс айтамыз. Қазақстанның ән өнеріндегі жаңа дажарқын есім Әділxан Макин ел руxаниятын әлем кеңістікте дәріптеу жолында биікбелестерді бағындыра бергей», деп жазды А.Маемиров.

Соңғы жаңалықтар