Әділхан Макин жерлестерімен кездесіп, алдағы жоспарларымен бөлісті

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – «Славян базары» халықаралық байқауының жеңімпазы, қазақстандық әнші Әділхан Макинге туған жері Солтүстік Қазақстан облысында құрмет көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімібаспасөз қызметінің хабарлауынша, туған өлкеге келген Әділхан Макинді облысәкімі Құмар Ақсақалов қабылдап, алғысын білдірді.

«Қызылжар өңіріталай ұлы дүниеге келген. Ермек Серкебаев сияқты ағаларымызды айтар едім. Бүгіндесол тұлғалардың жолын жалғап келе жатқан ұрпақтары баршылық. Былтыр Каннфестивалінде Самал Еслямова бәрімізді қуантты. Енді міне, Әділхан халықаралықән фестиваліне қатысып, облыс тұрғындарының ғана емес, барша қазақстандықтардыңмерейін үстем етті. Сендердің жеңістерің басқа жастарға үлгі. Көп еңбектің арқасындабиік белестерді бағындыруға болатынын дәлелдедің», - деді Құмар Ақсақалов.


Өңір басшысы Әділханғаалғыс білдіріп, ерекше ілтипаттың белгісі ретінде Құрмет грамотасын және 500мың теңгенің сертификатын ұсынды.

Әділхан М.Жұмабаевауданына қарасты Бірлік ауылының тумасы. Қаладағы №6 мектепте оқыған. Әншінің өміріндегімаңызды істі бастамас бұрын туған ауылына барып, ақсақалдардан бата алмақшы.

«Байқау 15 шілде аяқталды.Енді міне туған жеріме келіп сый-құрметке бөленіп жатырмын. Сіздерді,туғандарымды, ұстаздарымды көргеніме қуаныштымын. Осындай жобадан кейін үлкенкомпозитор, профессорлармен жұмыс істесем деген ниетім бар. Әлі халқымды жақсыәндермен қуантамын деген үміттемін. Үлкен істі бастамас бұрын туған жеріме барып,үлкендерден бата алғым келеді», - деді Әділхан Макин.


Соңғы жаңалықтар