Әділхан Макиннің вокалдық қабілеті қандай – маман пікірі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы Янис Кайсиди «Славян базарында» бас жүлде алған Әділхан Макиннің вокалдық қабілетіне баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әділхан биылакадемияның үшінші курсын аяқтады. Үш жылдан бері бірге жұмыс істеп келеміз.«Славян базарына»да үлкен жауапкершілікпен дайындалдық. Біздің алдымызда үлкен мақсаттартұрды және жоғары нәтиже көрсету керек болды. Бас жүлде аламыз деп мүлдемойламадық. Дегенмен, бар күшімізді салайық дедік. Репертуарды Әділханның өзітаңдады. Себебі вокалист жанына жақын әнді ғана сезіммен айтып, тыңдарманғажеткізеді», - деді Я. Кайсиди елордада тілшілерге берген сұхбатында.

Әділхан Макинбайқауда екі әнді - «Озеро надежды» және ағылшын тіліндегі хит «She is gone»шырқады. Сондай-ақ, Абайдың 175 жылдығы қарсаңында эстафетаны жалғастырып,Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқаған.

Оқытушы әншініңвокалдық диапазоны 3 октаваға жететінін айтты.

«Ол өте еңбекқор,жұмысқа қабілетті адам. Ән салғанды жақсы көреді. Оның диапазоны үш октавағажетеді және даусының тембрі жоғары нотада да, төмен нотада да анық, әдеміестіледі. «Славян базарының» қазылар алқасының төрайымы Тамара Гвердцителиайтқандай, «Әділхан – әмбебап әнші». Ол өз орындауында эстрада, классика сындывокалдың түрлі техникасын қолданады. Рок-вокал мен көмейге салу да бар. БізӘділханның бар мүмкіндігін ашып көрсетуге тырыстық және көрсете алдық депойлаймын. Оны Димашпен жайдан-жай салыстырмайды. Екеуі де өнерге өз үлестерінқосуға тырысып жүр», - деді Янис Кайсиди.

Айта кетейік,Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Әділхан Макин«Славян базары-2019» халықаралық фестивалінде Гран-приге ие болды.

Бүгін халықаралықбайқауларда топ жарған қазақ жастары ҚР Мәдениет және спорт министрі АқтотыРайымқұлованың қабылдауында болды.

Сонымен бірге,Әділхан Макин өзін Димашпен салыстыратындарға жауап берді.

Әділхан Макин 1994жылы 5 қазанда Петропавл қаласында дүниеге келген. Бала кезінен ән айтып, түрлібайқауларға қатысқан. 2011 жылы астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде«Актерлік шеберлік» мамандығы бойынша оқи бастады.

2012 жылы «Жасқанат» әншілер байқауының финалисі атанды. 2013 жылы «Шабыт» халықаралықбайқауының ІІ орынын иеленген. 2014 жылы «Қазақстан дауысы» ұлттық байқауынақатысқан. 2016 жылы Әділхан Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына«Эстрада вокалы» мамандығына түскен.

Соңғы жаңалықтар