Өкінішке қарай, көпсайыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы финалға өте алған жоқ. Тек жекелеген төрт жаттығудың біреуінде ғана Адиля ақтық сында бақ сынайды.
Атап айтар болсақ, Тілекенова таспамен жаттығуда Гран-при турнирінің финалында өнер көрсетеді. Бұл жаттығу бойынша жалпы есебі тоғыз спортшы жүлдеге таласпақ.
Адиля Тілекенова Қазақстан командасы сапында Азия ойындарының чемпионы атанғанын естеріңізге саламыз.
Ал құрама көшбасшысы Алина Әділханова бұл жарысқа қатысқан жоқ.