Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ Қайрат Сапарбекұлы Дәуітов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.
Әділ Мәлікұлы Сүбебаев 1980 жылғы 4 ақпанда Қазақ КСР-інің Талдықорған облысы Андреевка ауданындағы Андреевка ауылында дүниеге келген. Үйленген, үш баласы бар.
2002 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің Әскери университетін (Смоленск қаласы) тәмамдады.
2013 жылы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Әуе-ғарыштық қорғаныс әскери академиясын (Санкт-Петербург қаласы) бітірді.
2025 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетін (Астана қаласы) аяқтады.
2002 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызметін бастады.
Қызмет барысында радиотехникалық батареяның жауынгерлік басқару бөлімшесі есептобының бастығынан әскери бөлім командиріне дейінгі лауазымдарды атқарды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысының орынбасары – Жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы қызметін атқарды.
2026 жылғы 10 тамызда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.
Осыған дейін Бас әскери прокуратура Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры тағайындалғаны туралы жаздық.