АСТАНА. KAZINFORM – Катардың астанасы Дохада су спортынан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық жүзгіш Әділбек Мусин 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден жартылай финалға өтті.
Ол алғашқы іріктеу сатысында 51:75 есебімен 4-орынға қол жеткізді. Осылайша жарысқа қатысқан 66 спортшының арасынан жартылай финалға өткен үздік 16 ателттің қатарына ілінді.
Сондай-ақ бүгін әйелдер арасында қазақстандық Ксения Игнатова 200 метрге арқамен жүзуден іріктеу кезеңінде 2:14,22 нәтижемен 32 спортшының арасынан 19-орынға ие болып, жартылай финалдан тыс қалды.
Ереже бойынша жартылай финалға алғашқы іріктеу сынында үздік 16 спортшының қатарына енген жүзгіштер ғана өтеді.
Айта кетейік, аталған әлем біріншілігі 18 ақпан күні мәресіне жетеді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.