Әділбек Мусин іріктеуден өтпей қалды
15:27, 30 Шілде 2024
ПАРИЖ. KAZINFORM - Францияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында ұлттық құрама спортшысы Әділбек Мусин 100 метрге шалқалай жүзуден жартылай финалға өте алмады.
Ол мәреге 8-ші болып жетті. Уақыт көрсеткіші - 49.92 секунд. Өкінішке қарай, отандасымыз келесі кезеңге шыға алмай, бұл бағдарламаны аяқтады.
Енді Мусин 2 тамызда 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде сынға түседі.
Бұған дейін Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін дзюдодан әйелдер арасында сынға түскен Эсмигуль Куюлова жарыстан кейінгі әсерімен бөліскен еді.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ерлер арасында Абылай Жұбаназар да алғашқы белдесуінде ұтылып қалған болатын.