Ерлер арасында 81 келі салмақта ширек финалдық белдесулер өтті.
Әділет Ахметғали Тайпей өкілі Хе Сунгты 10:0 есебімен жеңді. Осылайша, отандасымыз жартылай финалына жолдама алды. Финалға шығу үшін, Әділет Ахметғали Өзбекстан өкілі Ахрор Зиёдуллаевпен белдеседі.
Айта кетейік, ХХ жазғы Азия ойындары Жапонияда 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.
Осыған дейін ұлттық құраманың 28 қыркүйектегі жарыс кестесін жарияладық.