Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақтың 1/4 финалында моңғолиялық Оюунчимэг Шинэбаярмен кездесіп, қарсыласынан басым түсті.
Осылайша Әділет Алмат Азиаданың финалына шығу үшін бақ сынайды. Оның жартылай финалдағы қарсыласы Абубакр Шеров (Тәжікстан).
Бұдан бұрын дзюдодан Ажар Асхат Азиаданың ширек финалына өткенін жаздық.