«Қазір елімізде жеті партия тіркелген. Сонымен қатар Yntymaq партиясын тіркеуге қатысты Әділет министрлігі тиісті рұқсатын берді. Олар бұл бағыттағы келесі сатыға өтіп, партияны құру жұмыстарын жалғастырып жатыр», - деді А.Есқараев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Еске салсақ, былтыр наурызда Мәжіліс депутаттарын сайлау науқанына елімізде ресми тіркелген 7 партияның барлығы қатысты.