Әділет органдарының жеке сот орындаушыларының қызметін бақылау өкілеттігі кеңейтілмек

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Фото: pexels.com

— 2024 жылы жеке сот орындаушыларының қатысуын жоятын, сондай-ақ азаматтарды олардың қызметіне ақы төлеуден босатуға мүмкіндік беретін жеңілдетілген атқарушылық іс жүргізуді қарастыратын тиімді норманы енгіздік. Әкімшілік айыппұлдар мен салық берешектерін өндіріп алу 20 АЕК-ке дейін жүргізілді. Оң тәжірибе бар. Мысалы, 2025 жылы түскен 1,4 млн құжаттың шамамен 500 мыңы борышкерлер тарапынан ерікті түрде орындалған. Азаматтар үшін ықтимал үнем 2,4 млрд теңгені құрады, — деді заң жобасын таныстырған депутат Дмитрий Колода.

Оның айтуынша, бүгін қарауға шығарылып отырған құжатта мынадай нормалар қарастырылып отыр:

— өндіріп алу шегі 20-дан 40 АЕК-ке дейін ұлғайту арқылы атқарушылық құжаттардың жекелеген санаттары (айыппұлдар мен салық берешектерін өндіріп алу) бойынша оңайлатылған іс жүргізудің қолданылуы кеңейтіледі, бұл азаматтардың қосымша шығыстардан арылуына мүмкіндік береді;

— Әділет министрлігіне өндірілген қаражатты өндіріп алушыларға аударудың нақты мерзімдерін белгілеу өкілеттігі беріледі, бұл ретте ісі әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс орналасқан өндіріп алушылардың құқықтары ескеріледі;

— сот орындаушыларына борышкерлерді көшіру (шығару) туралы он күн бұрын хабарлау міндеті енгізіледі, бұл оларға дайындалуға және басқа тұрғын үй табуға мүмкіндік береді;

— мәжбүрлеп орындату шараларын ұсыну мерзімі өтіп кеткен жағдайда, олардың барлығын жою нормасы енгізіледі.

— егер мәжбүрлеп орындау шараларын ұсыну мерзімі өткен болса, олардың барлығының күшін жойылады. Бұдан басқа, атқарушылық құжатты соңғы болып орындаған және атқарушылық іс жүргізуді тоқтатқан сот орындаушысына басқа сот орындаушылары салған барлық тыйым салулардың күшін жою құқығы беріледі;

— атқарушылық іс қозғалған кезден бастап баламен қарым-қатынас тәртібі туралы атқарушылық құжаттар бойынша борышкерлерді Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізбейді. Бүгінгі күні мұндай борышкерлер атқарушылық іс жүргізудің қозғалуына байланысты автоматты түрде тізілімге енеді;

— тараптар бітімгершілік келісім жасасу үшін сотқа жүгінген кезде атқарушылық іс жүргізуді бір айға дейін тоқтатылады:

— қолданыстағы жеке сот орындаушыларын аттестаттау, оның ішінде заңнама мен Кәсіптік ар-намыс кодексін білуін тексеріледі. Қайта аттестаттаудан өте алмау жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтатуға негіз болады;

— көмекшілер мен тағылымдамадан өтушілерге қойылатын талаптарды қатаңдатылады. Үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапқа тартылған адам жеке сот орындаушысының көмекшісі және тағылымдамадан өтуші бола алмайды;

— жеке сот орындаушыларының қызметін бақылау жөніндегі әділет органдарының өкілеттіктерін кеңейтіледі. Тексеру қорытындылары бойынша бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізілетін болады, ал оларды қараусыз қалдыру жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруға негіз болады;

— жоспарлы немесе жоспардан тыс бақылау жүргізу ясында аумақтық органның не өңірлік жеке сот орындаушылары палатасының сұрау салуы бойынша өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған жеке сот орындаушысының ағымдағы шоты бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді көшірме беріледі.

Айта кетейік, Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар білім алушылар үшін педагогтердің жауапкершілігін тек оқу процесі кезімен шектеу көзделген заң жобасын бірінші оқылымда талқылап, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметі мәселелері қамтылған құжатты екінші оқылымда пысықтайды.