Партияның мәліметінше, тізімге 186 адам енгізілді. Олардың қатарында еліміздің барлық өңірінің өкілдері, түрлі кәсіби қауымдастықтар мен қоғамдық саланың мүшелері бар.
«Әділет» партиясы ашықтық, заңдылық және демократиялық рәсімдерді құрметтеу қағидаттарын басшылыққа ала отырып, сайлау процесінің барлық кезеңіне қатысатынын мәлімдеді.
Бұған дейін «Әділет» партиясының кезектен тыс III съезінде жаңа Конституцияға байланысты Жарғыға енгізілген өзгерістер және партияға мүшелік жарнасы бекітілді.
Айта кетейік, мұның алдында «Әділет» партиясы Құрылтай сайлауына қатысатын 186 кандидатты бекіткенін жазғанбыз.
Еске салайық, 1 шілдеде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды.