Татьяна Савельеваның депутаттық өкілеті мерзімінен бұрын тоқтағандықтан, мандат бос қалған еді.
Партияның баспасөз қызметінің мәліметінше, Гүлнәр Тойлыбаева мемлекеттік органдар мен партия құрылымдарында ұзақ жылдан бері қызмет еткен. Бұған дейін облыстық мәслихаттың хатшысы және төрағасы қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта Жетісу облысы әкімінің кеңесшісі.
Партия Саяси кеңесі бюросының тиісті қаулысы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жолданды.
Еске салайық, 2026 жылғы 7 қазанда Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылғанын хабарлаған едік. Артынша Татьяна Савельева Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.